Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

09:19, 05 шілде 2025 223

Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер, жастар және қыздар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Чемпионатқа қатысқан Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды. Жүлдегер - Снежана Кашкарова.

Спортшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (А тобы) бақ сынап, жұлқа көтеруде 69 келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды.  Серпе көтеруде ол 82 келіні еңсерді.

Чемпионат Qazaqstan спорт кешенінде өтіп жатыр.  Сайыс 4–10 шілде аралығына жоспарланған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар