Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ағзасын ақшаға айырбастамақ болды!” - Ақтөбе соты бүйрегін сатпақ болған жігітке ешкім күтпеген үкім шығарды

20:28, 04 шілде 2025 165

Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған Қарағанды тұрғынына қатысты қылмыстық аяқталды. Қарызға белшесінен батқан 27 жастағы жігіт өз дене мүшесін саудалауға бел буған.  Амнистия аясында қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп жазады Alash.kz.

Әлеуметтік желідегі хабарламада 20 миллион теңге сұраған ер адам ақыры 15 миллион теңгеге келіскен. Ақтөбеге келгеннен кейін күдікті алдын ала келісілген 7,5 миллион теңгені куәгерден алған сәтте ұсталған. Оған ҚР ҚК 116-бабы 1-бөлігі және 24-бабы 3-бөлігі бойынша — тірі адамның органдары мен тіндерін заңсыз өткізуге оқталу айыбы тағылған.

Сот отырысында тұрмыстың тұқыртқанынан қылмысқа барған азамат өз кінәсін толық мойындап, амнистия заңына сәйкес істі тоқтатуды сұраған. Сәйкесінше, 2025 жылғы 23 маусымда қабылданған ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған амнистия туралы заң негізінде Ақтөбе қаласының №2 соты істі болған азаматты соттылықтан босатты. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар