Жақында ғана Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған дарынды дзюдошы Әбиба Әбужақынова YouTube-тегі “Бірінші бол” подкастында қонақ болып, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қазақтың спортшы қыздарының арасында даңқы асқақтап үлгерген Әбиба мансабы мен жеке өміріне қатысты сөз арасында ызасына тиіп, аяғынан тартатын, артық сөйлейтіндердің барын да жасырмады. Журналист Олжас Байбосынның “Әлем чемпионатындағы ІІ орыныңыз құтты болсын! Көрдік! Жанкүйер болдық!” деген сөзіне, спортшы наздана тіл қатып, айналасындағы бәсеке мен өзіне айтылып жатқан жағымсыз пікірлерге қатысты айтты:
Шынымен, жанкүйер болдыңыздар ма?!
Дзюдоны бокспен салыстырмаңыздар бізде 190 мемлекет бақ сынайды.
Ел арасында “48 кг” салмақ дәрежесінде күш сынайтын арулардың ішінде неге әлемдік боз кілемдерде Әбиба ғана шыға береді?” деген қышқыл сұраққа да қатқыл тіл қатты:
Кейде жазып жатады: “мен де олимпиадаға барсам, жылап машина алатын едім ғой” деп жазатындар бар ғой. Олимпиадаға, әлем чемпионаттарына бару үшін халықаралық рейтингте 100-дікке кіру керексің ғой. Оның бәрі - еңбек. Мықты болса, мені жеңсін, рейтингте менен биік тұрсын. Сосын, барсын әлемдік жарыстарға.