Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский Ресейдің соңғы шабуылы үлкен шығынға әкелгенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Оның сөзінше, зымыран соққылары салдарынан Киевтегі Польша елшілігінің ғимараты да зардап шеккен.
Польшаның Сыртқы істер министрі бұл жөнінде АҚШ президентіне үндеу жасады:
“Президент Трамп, сіздің “бейбіт келіссөздеріңізді” Путин мазақ етіп отыр. Украинаға зымырандарды жеткізуді қайта бастаңыз және агрессорға қарсы нақты санкциялар енгізіңіз” деді Сикорский.