Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Туристер өртеніп кете жаздады, шетелден барғандар қашып жатыр". Түркиядағы алапат өрт туристер демалып жатқан жерге жетті

14:04, 05 шілде 2025 73

Түркияда ауқымды орман өрті шығып, екі адам қаза тауып, 50 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Жалын туристік танымал Бурса, Измир және Анталия қалаларына қауіп төндіруде, деп хабарлайды Alash.kz порталы BAQ.KZ порталына сілтеп хабарлайды.

Елде қалыпты ыстық пен қатты жел кезінде орын алған ауқымды орман өрттерімен күрес жалғасуда. КТК телеарнасының хабарлауынша, бір аптада 600-ден астам өрт тіркеліп, жалын 12 мың гектардан астам орман аумағын шарпыған.

Өрт 200-ге жуық үйді шарпыған. Бурса, Измир және Анталия курорттық аймақтарына қауіп төніп тұр. Бұл қалаларды қою қара түтін басып, жергілікті билік эвакуация жариялады. Өрт оқиғаларымен күресу үшін төтенше жағдайлар қызметінің 25 мың қызметкері жұмылдырылды. Олар жерде де, әуеде де жұмыс істейді.

Түркияның Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклидің айтуынша, кейбір аудандарда желдің жылдамдығы 110 км/сағ-қа жетіп, өрттің тез таралуына ықпал еткен. Қазір өрттердің басым бөлігі оқшауланды, үш белсенді аймақ қалды.

Полицейлер өрт қоюға қатысы бар екі күдіктіні ұстады. Алдын ала болжам бойынша, өрт қоқыс үстіне құлаған дәнекерлеу аппаратынан шыққан ұшқыннан шығуы мүмкін, содан кейін өрт орманға өткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар