Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Трендтің құрбаны”: 19 жасар қыз тұрмыстық химикат иіскеп, сұмдық жағдайда көз жұмды

19:46, 04 шілде 2025 302

АҚШ-тың Аризона штатында тұратын Ренна О’Рурк есімді 19 жастағы бойжеткен әлеуметтік желілерде кең тараған қауіпті Dusting (немесе Chroming) челленджіне қатысып, қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Dusting (немесе Chroming) - жастар арасында кең тараған, ес-түссіз күйге түсу үшін тұрмыстық аэрозольді өнімдерді иіскейтін үрдіс. Оның қатарына лак кетіргіш, желім, бояу, аэрозольді бояулар, тіпті тазартқыш құралдар кіреді. Мамандар мұндай тәжірибе жасөспірімдердің психикасына және ағзасына ауыр соққы екенін айтады. Ең сорақысы - есті аларлық трендтер салдары жиі қайғылы аяқталады.

Ренна пернетақта тазалауға арналған арнайы спрейді иіскеген. Бұл химиялық заттың иісі жоқ, алайда ағзаға түскен сәтте оттегіні ығыстырып шығарады. Осыдан кейін бойжеткеннің жүрегі тоқтап қалған. Ол бір апта бойы ессіз күйде жансақтау бөлімінде жатып, ақыр-соңында миы өлген.

Қайтыс болған қыздың анасы Дана О’Рурк бұл жағдайдың алдын алуға болар еді дейді:

”Бұл зат кез келген дүкенде сатылады. Ешқандай жас шектеуі жоқ. Ең қорқыныштысы — стандартты есірткі тестінен анықталмайды. Баланың сөмкесінде тұрса да, ешкім байқамайды”

Ал әкесі Аарон қызымен болған соңғы әңгімесін есіне алды:

“Әке, мен бір күні атақты боламын” деп айтып отыратын. Иә, оның есімі енді көпке мәлім. Бірақ, өкінішке қарай, бұл атақ - қайғымен келген”

Осы орайда, мамандар ата-аналарды қырағы болуға шақырады. Бір сәттік бейқамдық - орны толмас қайғыға әкелуі ықтималдығын ескертеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар