dimashnews.com сайтының хабарлауы бойынша, Димаш Құдайберген әлемге әйгілі өнер жұлдыздары Пласидо Доминго және Кристин Ополайспен бірге өз өнерін ортаға салады, деп жазды Alash.kz.
Димашты Ной Бай әуежайында фан-клуб жанкүйерлері қарсы алды.
Вьетнамдық Dears-тың бірі тіпті Димашты қазақ тілінде қарсы алып, құттықтады.
Вьетнам жеріндегі кездесу әдеттегідей гүл шоқтарымен және әншінің жанкүйерлеріне берген қолтаңбасымен ыстық сезімге толы болды.
6 шілдеде Димаш Sun Symphony Orchestra-ның сүйемелдеуімен Хо Гом театрының сахнасында Пласидо Доминго және Кристин Ополайспен бірге өз өнерін паш етеді.
Концерт Вьетнам астанасының жаңа мәдени символдарының бірі Хо Гом театрының екінші туған күніне орай ұйымдастырылды.