Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін»: Академиялық басылымның бірінші томы қаралды

22:20, 04 шілде 2025 69

Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен еліміздің ең ауқымды ғылыми жобаларының бірі – «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты 7 томдық академиялық басылымды дайындау жөніндегі редакциялық алқаның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Жиын барысында академиялық басылымның бірінші томындағы ежелгі дәуірді қамтитын бөлім толық талқыланып, мазмұны мен құрылымына сараптамалық баға берілді.

Редакциялық алқа мүшелері мен сарапшылар тарихи деректер мен археологиялық жаңалықтарға негізделген мазмұнды бекітуге қатысты пікірлерін білдірді. Атап айтқанда:

  • ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Жакен Таймағамбетов
  • тарих ғылымдарының кандидаты, А.Х. Марғұлан атындағы археологиялық орталық директоры Виктор Мерц
  • Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші зерттеушісі Нұрсан Әлімбай

Басылым мазмұнына А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, томның ғылыми жетекшісі Ақан Оңғарұлы кеңінен шолу жасады.

Ақорданың ресми сайтында мәлімдегендей, редакция алқасының келесі отырысы тамыз айында өтеді. Онда «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық басылымның екінші томы талқыланады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар