Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Халықтан жасыратын нәрсе қалмады”. Тұрсынбектің әйелі желіде тараған қауесетке жауап берді (ВИДЕО)

09:00, 29 маусым 2025 1800

Белгілі журналист Анна Данченко Айгүл Иманбаеваның тойына жалғыз өзі келген Тұрсынбектің әйелі Мөлдір Мұқановадан сұхбат алды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Skifnews.kz ақпарат порталының хабарлауынша, Анна Мөлдірдің өзі мен күйеуі жайлы қауесет туралы сұраған. Мөлдір өз кезегінде бұл әңгімелердің шындық екенін жасырмады.

"Қазір халықтан жасыратын нәрсе қалмады ғой, сөздің шыны керек. Отбасымызда болып жатқан жағдайды жігітіміздің абыройы үшін деп сабыр сақтап келіп едік. Халықтың арасына шығып кетті", - деді Тұрсынбектің әйелі. 

Мөлдірдің жанында тұрған Нұрлан Еспанов та оған барын өз қолдауын білдірді. 

"Мөлдірге жаман нәрсе жаза бермеңіздерші. Күйініп кетуі мүмкін. Қыз баласы ғой. Қызды қолдасаңдаршы. Ол тәй-тәй басып, өнерге келіп жатыр. Ал біз аяқтан шала береміз, шала береміз", - деді әнші. 

Ал журналист Анна Данченко да бұл жайтқа өз пікірін білдіріп, Мөлдірден өзі байқаған өзгерісті атады.

"Мөлдір сұхбатта көзі мөлдіреп тұр", - деп жазды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар