Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева желіде әсерлі жазба қалдырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесі “Сені енді халық тыңдамайтын болды”, “Сен бізге керек емессің” деген тыңдармандардан келген хаттарды оқып, жүрегі ауырғанын айтты.
“Қайырлы кеш жанашырларым, жаны асылдарым!
Мен елдің қошеметінен күш аламын. Алла мені сынайды. Жақсы көреді. Шымкентімнің ыстық ықыласына бөленген күн болды бүгін. Бұлтым сейіліп, күнім шықты. Шүкір!
Мені сыйласаңыздар, Алла сіздерді сыйласын! Құшағымды гүлге толтырған халқыма мың алғыс! Баршаңызды жақсы көремін!”,- деп жазды әнші.