Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кішкентайымыз да көргісі келмейді". Шымкентте 7 бала анасының өліміне қатысты істі қайта қарауды өтініп, әкесін жек көретінін жеткізді

20:07, 27 маусым 2025 347

Шымкентте сот ер адамды әйелін өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деп айыптап, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Алайда марқұм әйелдің балалары бұл үкіммен келіспей, әкесі анасын өлтіргенін дәлелдегілері келетінін айтады, деп хабарлайды Аlash.kz. порталы Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеп.

2025 жылғы ақпанда Шымкенттегі көпбалалы отбасында қайғылы оқиға болды болған. Сот нұсқасына сәйкес, әйел терезеден секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.

Сот ер адамды кісі өлтіру емес, суицидке итермелеу бабымен кінәлі деп танып, минималды қауіпсіздік мекемесіне 1,5 жылға қамауға алды.

Марқұмның жеті баласы сот шешімімен келіспейді. Олар:

Анасының суицид жасауы мүмкін емес екенін айтаып, әкесінің оны терезеден итеріп жібергенін алға тартқан.  Сонымен қатар кішкентай балалардың айғақтары тергеу кезінде ескерілмегенін жеткізді.

«Біз анамыз өздігінен секірді дегенге сенбейміз. Төрт жастағы бала шындықты айтты, бірақ олар оның сөзін елеген жоқ. Ал ол өтірік айтпайды», – дейді марқұмның үлкен қызы Перизат Қалдарбек.

Перизаттың айтуынша, әкесі көп жылдар бойы анасына және балаларға физикалық және моральдық зорлық көрсетіп келген.

«Ол кісінің қол көтермеген күні жоқ. Біз – жетеуміз. Әкемізді жек көреміз. Ең кішкентайымыз да әкесін көргісі келмейді. Сотта «әкеңмен кездескің келе ме?» деп сұрағанда, ол «жоқ» деді», – деп қосты ол.

Қазір балалардың бірі өзге бауырлары мен сіңлілеріне қамқоршы болып отыр. Олар сот үкіміне шағым түсіруге ниетті. Қылмыстық істі қайта тергеуді талап етіп отыр. Әділдік үшін күресті тоқтатпаймыз дейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар