Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Келінімізді тап біздің әулетке арнап туғандай". Сәкен Майғазиев өз келінін мақтаған видеосын жариялады

11:49, 28 маусым 2025 529

Сәкен Майғазиев ұлы Әділет пен келіні Әдияның тойында сөйлеген сөзін жұртқа жария етті, деп жазды Аlash.kz порталы turkystan.kz порталына сілтеп.

Майғазиевтің айтуынша, Әдия өз әулетіне арналып туған жан.

«Әдия қызымыз әжесіне де, анасына да ұқсамайды. Менің бір таң қалатыным — ол Динараға ұқсаған. Келініміз біздің әлетке арналып туылғандай», - деді әнші.

Сонымен қатар ол тойға дейінгі бір аптада әлеуметтік желідеге парақшасының жалпы қаралымы 70 миллионға жеткенін атап өткен. Бұдан бөлек анасының аманаты мен құдаларының қарапайымдылығы мен кісілігіне ризашылық білдірген.

«Жүзі жылыдан түңілме» деген. Құдаларымызды көріп, өзіміздің әулетке ұқсастығын байқадым. Тәрбиеміз де, тәртібіміз де, ата-әжеден алған тәліміміз де бірдей екен. Құдалық кезінде де айттық: өте ризамыз! Алла Тағала осындай тәрбиелі, инабатты, көркем мінезді көрікті келінімізді біздің қолымызға қондырғандарыңызға алғысым шексіз», - деді Сәкен Майғазиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар