Әлеуметтік желіде Ресейдің ең бай қазақтарының бірі делінген азаматтың видеосы тарады, деп хабарлайды Аlash.kz порталы.
Желіде тараған бейнежазбада ер адам алтын сақинаға толы қолдарын көрсетіп, алтын тісімен көзге түседі. Желі қолданушылары оны Ресейдегі ең бай қазақ деп атап жатыр. Кейбір деректерге сүйенсек, оның 10 мың бас жылқысы және 76 тазы иті бар екен.
Пікір білдірушілер: “Бай болса, осындай болсын! Адамдардан тығылып жүрмей, мақтанышпен өмір сүріп жүр”, – деп жазды.
Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, кейбіреулер оны «қазақ шейхі» деп атады.