Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқушы 9 сыныпта оқиды, өзі қашып кеткен. Түркістан облысында әскери қызметкерден 15 жастағы қыз босанып қалды

17:49, 28 маусым 2025 691
Түркістан облысында 15 жастағы қызды 23 жастағы әскери қызметкер зорлаған. Балалы болған оқушыны зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тоқтап қалған, деп хабарлайды Аlash.kz порталы Todayinfо порталына сілтеп.
 

Жас жігіт жауапкершіліктен қолхат пен қағаз жүзіндегі некенің арқасында құтылып кеткен. Қазір бұл істі кім тергеп жатқаны белгісіз – не полиция, не әскери тергеу органдары нақты жауап бере алмай отыр.

Журналист Жазира Бегалының мәліметінше, қыз бала тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде жүкті болған. Әскери қызметкер алғашында онымен ресми некеге тұрған, бірақ жарты жылдан соң тастап, ата-анасының үйіне қайтарып жіберген.

Бегалының айтуынша, тергеуші қылмыстық істі қыздан “өз еркімен жақындасқанын” растайтын қолхат алып, жауып тастаған.

– Кәмелетке толмағанмен жақындасқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатында ол ресми түрде үйленген, алайда жарты жылдан соң тастап кеткен, – дейді журналист.

Астанаға шағымданғаннан кейін іс қағаз жүзінде түрде қайта ашылғанымен, бүгінге дейін ешқандай қозғалыс жоқ.

ІІМ-нің әскери-тергеу басқармасы тек фактіні тіркегенін, ал тергеуді Жетісай аудандық полициясы жүргізіп жатқанын айтқан. Алайда аудандық полиция бұл олардың құзыретінде емес деп, істі қайтадан әскери тергеуге жіберген.

Нәтижесінде істі кім жүргізіп жатқаны беймәлім, ал тергеу іс жүзінде тоқтап қалған.

Қыз бала қазір баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр, отбасы жоқшылықта өмір сүріп жатыр: анасы – жалғыз асыраушы, әкесі бұрын қайтыс болған.

Әскери қызметкер әлі күнге дейін ешқандай жауапкершілікке тартылмаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар