Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мәйітінің жанында 4 күн жатқан, кейін дәретханаға салған». Маңғыстауда досын азаптап өлтірген жігітке үкім шықты

19:23, 27 маусым 2025 159

Маңғыстау облысында сот 50 жастағы ер адамға қатысты істі қарады. Ол бірге арақ ішкен танысын өлтіргеннен кейін бірнеше күн бойы оның мәйітімен бірге бір пәтерде 4 күн тұрған, деп хабарлайды  turkystan.kz порталы Аlash.kz  поррталына сілтеп.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, қылмыс 2025 жылғы 1 сәуірде Форт-Шевченко қаласында болған. Бұрын сотталған, жұмыссыз ер адам өз үйінде танысымен бірге спирттік ішімдік ішкен. Ұрыс кезінде ол пышақ алып, танысын мойнынан жаралаған. Жарақат өлімге алып келген. Ірі артерия зақымданып, жәбірленуші көп қан жоғалтып, қайтыс болған.

«Қылмыс жасағаннан кейін айыпталушы бірнеше күн бойы марқұмның денесімен бірге пәтерде болған, болған оқиға туралы ешкімге хабарламаған. Тек төрт күн өткен соң ғана ол мәйіттен құтылуға әрекет жасап көрген, алайда оны дәретханаға жасырып қойған. Мәйіт ол жерде тағы екі күн жатқан», – деп хабарлады сот.

Айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі – «Адам өлтіру» бойынша кінәлі деп танылып, оған күшейтілген режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сотталған адамнан жәбірленуші тарап – марқұмның бұрынғы әйелі мен кәмелетке толмаған баласының пайдасына моральдық зиян ретінде 7 миллион теңге өндірілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар