Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Еліміздің дарынды оқушылары Балқан математикалық олимпиадасында ең үздік атанды

12:21, 29 маусым 2025 189

Қазақстандық төрт оқушы жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасында ең үздік атанды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Солтүстік Македонияда жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасы (JBMO) өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы жарысқа қатысу тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз  екінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар:

Ануар Ағыбаев (1 орын) – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;

Александр Олейников (1 орын) – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;

Жәңгір Булат (1 орын) – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы;

Батырхан Бейғанов (1 орын) – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы;

Нұртай Мәлік (2 орын) – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Мирас Кеңесбек (3 орын) – Қарағанды облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Құраманың жетекшілері: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Сергей Полянских және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Перизат Саутбекова.

Анықтама үшін: JBMO – 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған беделді халықаралық олимпиада. Қатысушы елдердің қатарында Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия және басқа да мемлекеттер бар. Қазақстан бұл додаға 2004 жылдан бері қатысып келеді және дәстүрлі түрде үздіктер қатарында. Өткен жылы Түркияда өткен олимпиадада команда 6 медаль жеңіп алған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар