Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Жетісу облысында екі полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды

12:39, 29 маусым 2025 363

28 маусымда Жетісу облыстық полиция департаментінің полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан көз жұмды. Қайғылы жағдай туралы ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов желідегі парақшасында жазды, деп  хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

“Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері - полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады. Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті көмекті көрсетеді”,- делінген хабарламада. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар