Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Роза Рымбаева Қазақстан халқына шұғыл түрде үндеу жасады

19:38, 28 маусым 2025 1379

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева шұғыл үндеу жасады, деп хабарлайды  Аlash.kz порталы.

Әнші әлеуметтік желі арқылы ел тұрғындарын сақ болуға шақырмағанын, өз атынан таралып жатқан фейк жарнамаға еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

Әнші алаяқтар оның есімі мен дауысын пайдаланып, интернетте жалған видеоролик таратқанын айтты.

 

«Менің ешқандай ауруым жоқ. Ешқандай емдік өнімді жарнамалаған емеспін. Бұл — жалған, алаяқтардың ойыны», – деді Рымбаева Instagram парақшасында жариялаған бейнежолдауында.

Айта кетейік, желіде тараған фейк роликтерде әншінің бейнесі мен дауысы өңделген.

Оның «Қазатомөнеркәсіп» өнімін жарнамалап отырғанын көруге болады.

Роза Рымбаева барша қазақстандықтарды абай болуға, күмәнді жарнама мен жалған видеоларға сенбеуге шақырды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар