Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Есінен танғанша сабаған”. Ақмолада түлекті аяусыз ұрып-соғып, көлікпен қағып өтпек болғандар жайлы тың дерек шықьы

15:31, 30 маусым 2025 628

Ақмола облысы Ақкөл ауданында 18 жастағы мектеп түлегі Роман Пауковты екі ер адам аяусыз соққыға жықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Orda.kz хабарлауынша, оқиға 21 маусым күні кешке болған. Зардап шеккен баланың анасы Инна Паукованың айтуынша, екі ересек ер адам алдымен ұлын көлікпен қағып өтпек болып, кейін көліктен түсіп, есінен танғанша сабаған.

«Бұл расымен айуандық. Олар жабайы аң сияқты ұлымды соққыға жықты. Роман өзін қорғай да алмады, денесі түгел көгеріп қалған», — дейді анасы.

Оқиғаның ең жан түршіктірер тұсы — жанұшыра көмек сұраған ананың сөзінше, төбелес кезінде сол маңда жүрген полиция қызметкері еш әрекет етпеген. Анасының айтуынша, тәртіп сақшылары ұрып-соғуды тоқтатуға да, араша түсуге де талпынбаған.

Шабуылдан кейін Роман басы мен беті жарақаттанған күйі ауруханаға жеткізілген. Ал шабуыл жасағандар Романның отбасына қысым көрсетіп, полицияға шағымданбауға мәжбүрлемек болған.

Инна Паукова алғашқыда полиция тарапынан ешқандай ресми құжат берілмегенін, тек прокуратураға жүгінгеннен кейін ғана қылмыстық істің тіркелгенін айтып отыр.

«Олар бізді балағаттап, қорқытты. Таныстарын араға салып, татуласуға көндіргісі келді. Бірақ мен үнсіз қала алмаймын. Бұл менің ұлымның өмірі», — дейді ол.

Облыстық полиция департаменті шабуыл болған күні «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі таңда қақтығысқа қатысқандар анықталып, олардан жауап алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар