Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Елден қашпақ болған кезде ұсталған”. Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды

17:43, 30 маусым 2025 428

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Бекетаев мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-Әділет министрі Бекетаевқа қарсы қылмыстық іс «Алаяқтық», «Аса ірі мөлшерде жымқыру» және «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» баптарымен тергелген», - деп мәлім етті Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаров.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 21 қазанында Антикор бұрынғы Әділет министрін қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстаған болатын. Экс-министр елден қашпақ болған кезде ұсталған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар