Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Күйеуі балғамен ұрып өлтірген”. Бодибилдингтен чемпион атанған спортшы әйел өз үйінде өлі табылды

20:34, 29 маусым 2025 537

Испанияның Коста-дель-Соль жағалауында Колумбияның бодибилдингтен чемпионы, әлеуметтік желіде «Халк әйел» деген лақап атпен танымал болған Зунильда Ойос Мендес өз үйінде өлі күйінде табылды. Бұл туралы Daily Mail басылымы испан полициясына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, 45 жастағы спортшы әйелді балғамен ұрып өлтірген. Көрші бөлмеден полиция қызметкерлері оның 46 жастағы күйеуі Джаррод Геллингтің денесін тапқан. Тергеу нұсқасы бойынша, ол әйелін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, әйел адам күйеуінің агрессивті мінез-құлқына байланысты ажырасқысы келген.  Бұған дейін де олар айырылысқан, бірақ қарым-қатынасты сақтап қалуға тырысқан. Спортшы әйел күйеуіне операциядан кейін қалпына келуге көмектесіп, кейін Колумбияға жалғыз оралуды жоспарлаған.

Полицияның мәліметінше, бұған дейін  әйелден тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша ешқандай шағым түспеген. Егер фемицид (әйелді әйел болғандықтан жынысына байланысты қасақана өлтіру) фактісі расталса, бұл биыл Малага провинциясында тіркелген үшінші, ал бүкіл Андалусияда бесінші оқиға болмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар