Армения Сыртқы істер министрі Лавров бастаған ресейлік саясаткерлерге елдің ішкі ісіне араласпауды талап етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Ресейдің шенеуніктері, депутаттары мен сарапшылары Арменияның егемендігіне үлкен құрметпен қарап, бұдан былай өздеріне біздің ішкі істерімізге араласуға жол бермеуі тиіс. Лавров мырзаның да Армения Республикасының ішкі саясатына араласпағаны дұрыс», - деді Арарат Мирзоян Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кая Калласпен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Арменияның СІМ басшысы Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың Армениядағы шіркеуге қатысты айтқан пікіріне жауап беріп, елде билік пен шіркеу арасында ешқандай қақтығыс жоқ екенін атап өтті.
«Арменияда биліктің шіркеуге қарсы күресі жоқ. Бұл – заңды процесс», – деді Мирзоян.