Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды”,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған.