Бухгалтерлер балабақшаларға бөлінген 240 млн теңге бюджет қаражатын талан-таражға салған, деп жазады Alash.KZ.
Аталмыш оқиға Ақтөбе облысының Хромтау және Мұғалжар аудандарындағы мектепке дейінгі мекемелерден анықталып отыр.
Бухгалтерлер бюджет қаражатын жұмысшыларға қосымша сыйақыны негізсіз жоғарылату арқылы иемденген. Сондай-ақ жалақыны белгіленген соммадан артық аудару, аударымдарды қайталау, жалған іссапарлар арқылы жүзеге асырған.
Мәселен, есепшілердің бірі кейбір қызметкерлерге жоғарылатылған жалақы, қосарланған еңбек демалысы мен іссапар төлемдерін заңсыз есептеу арқылы жалпы көлемі 24 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.
Осы қаражаттар ешқандай негізсіз есепшінің немесе балабақша меңгерушісінің жеке есепшоттарына аударылған, деп жазды atamekenbusiness арнасы.
Аудандық прокуратура білім бөлімінің бұрынғы басшыларына, 3 балабақша меңгерушісі мен 4 есепшіге (аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуға) қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Ақтөбенің бухгалтерлері балабақшаға бөлінген ақшаны бөлісіп алған

“Сахна, камера, ән. Бәрін тоқтаттым”. Төреғали Төреәлі тосын мәлімдеме жасады
17:43, 28 маусым 2025 1168
Таразда 78 жастағы әже өз немересімен бірге ұйымдасып, есірткі сатып келген
17:01, 28 маусым 2025 186
"10 мың бас жылқысы жөңкіліп жүр". Ресейдің ең бай қазақ азаматы алтыны мен бар байлығын көрсетті
13:25, 28 маусым 2025 2324
"Келінімізді тап біздің әулетке арнап туғандай". Сәкен Майғазиев өз келінін мақтаған видеосын жариялады
11:49, 28 маусым 2025 823
19 жастағы жігіт өзінің туған сәбиін орманға тастап, 15 жастағы қызбен бірге қашып кеткен
11:39, 28 маусым 2025 1825
"Туыстары құрылыс орнынан тапқан". Ақмола облысында жас ананың мәйіті табылды
11:12, 28 маусым 2025 391
"Рөлде отырып телефонмен сөйлесу - күнә". ҚМДБ жолда жүру ережесіне қатысты мәлімдеме жасады
09:45, 28 маусым 2025 198
Студент баллон шашып, тапанша мен пышақ алып, проректордың алқымына тақап қорқытқан
20:23, 27 маусым 2025 2231
"Бала жан сақтау бөлімінде жатыр". Қарағандылық жүйті әйел аялдамада босанды
17:46, 27 маусым 2025 523
Израиль Ливанға соққы берді. Хезболланың екі мүшесінің қаза тапқаны хабарланды
17:06, 27 маусым 2025 641
Ойыннан өрт шықты. Өскеменде оттықпен ойнап тұрған ер адам өз көлігін өртеп жіберді
16:52, 27 маусым 2025 685
Маған казинодан жарнамаға ұсыныс түсті - Бағлан Әбдірайымов құмар ойынды жарнамалаудың салдарын айтты
15:59, 27 маусым 2025 448