Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маған казинодан жарнамаға ұсыныс түсті - Бағлан Әбдірайымов құмар ойынды жарнамалаудың салдарын айтты

15:59, 27 маусым 2025 208

Жігіттер квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов Jibek Joly арнасына берген сұхбатында өзінің лудоманиямен күресі туралы кино түсіру кезінде қаржылық қиындыққа тап болғанын және соны адал жолмен жеңе білгені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Кино түсіріп жүрген кезде атын атамай-ақ қояйын, бір казинодан 20-30 секундтық жарнама роликке түсуге шақырды. Маған қатты қаражат керегін білгендей, сол моментте хабарласты. Бірақ, қанша қысылып тұрсам да, мен ол нәрседен бас тарттым.
Мұндағы менің айтпағым, бір жарнама жасау арқылы мен қаншама адамның өміріне балта шауып жіберуім мүмкін. Өйткені, сыйлайтын, құрметтейтін, сөзімізді жерге тастамайтын біздің қаншама оқырмандарымыз бар. Біз үшін қол соғып, біздің тілеуімізді тілеп отырған ауыл-аймақта ағайын-туысқанымыз бар. Өз басым мұндай нәрселерден бас тартамын. 

Казино мен құмар ойын ұйымдастырушылардың логикасы мен клиент тартатын құйтырқы әрекеттерін де әнші атап айтты:

Бұлар кімге қандай жарнама жасау керек, кімнің алдына қандай тартатын ақпарат шығару керектігін зерттейтін сияқты. Себебі, көбінесе спортсмендер, оқырманы көп блогерлер бас тарта алмайтындай сомма береді. 

Казиноны жарнама қылатындардың контентінің қандай болатынын да жасырмады:

Бір-екі қазақ жігітін білемін. Үнемі онлайн казиноны жарнамалап отырады. Жарнама барысында жақсы киінгенін, жақсы жерде қыдырғанын салып, оқырманды өздеріндей болуға шақырады. Оңай ақша тапқанын жарнамалайды. Әрине, олардың артынан жастар да, кәрі де ереді. Бірақ, олар казиноның зиянын ешқашан айтпайды. 

Айта кетейік, құмар ойынның артына түсіп, лудоманияны жеңе білген әнші осы дерт туралы екі фильм түсіріп, кітап жазған болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар