Қарағандылық жүйті әйел аялдамада босанды, деп хабарлайды Аlash.kz.
Қарағандыда Гапеев көшесіндегі аялдамалардың бірінде әйел толғатып, кенеттен босанды. Өтіп бара жатқан адамдар жедел жәрдем шақырды.
"Көмек көрсеткен адамдар көмегімен босанған әйел жаңа туған баласымен бірге перзентханаға жеткізілді. Ананың жағдайы тұрақты. Бала реанимацияда, жағдайы ауыр", - деп хабарлайды Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.