Израильде соғыс алауы тұтанған аумағында қалып қойған Қырғызстанның 11 азаматы Шымкент арқылы елдеріне қайтты. Бұл туралы хабарлайды Alash.kz Қырғызстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарын Израильден эвакуациялау сәтті жүзеге асқанын мәлімдеді. Бұл шара олардың қауіпсіздігін сақтау және құқықтарын қорғау мақсатында қолға алынған.
Түскен өтініштерге байланысты Қырғызстанның СІМ Түркия, Қазақстан және Сауд Арабиясындағы елшіліктермен, сонымен бірге Израильдің Герцлия қаласындағы және Шымкенттегі құрметті консулдармен бірлесе жұмыс жүргізді. Үйлестірілген және жедел әрекеттер нәтижесінде 11 қырғызстандық алдымен Израильден Египетке шығарылып, одан кейін Шымкент қаласына жеткізілді. Осы жерден олар өз еліне қайтты.
Министрлік эвакуацияға жәрдемдескені үшін Египет билігіне және тиісті мекемелерге алғыс айтты. Сондай-ақ, Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне көрсеткен қолдауы мен нәтижелі ынтымақтастығы үшін ризашылық білдірді.