Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Президент заңға қол қойды. Қазақстанда бет-жүзді тұмшалайтын киімге ресми түрде тыйым салынды

20:43, 30 маусым 2025 1084

Қазақстанда бет-жүзді тұмшалайтын киімге ресми түрде тыйым салынды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімді киюге тыйым салатын заңға қол қойды.

«Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес бет жабатын киімді тек мынадай жағдайларда киюге рұқсат етіледі:

  • заң талаптарын орындау кезінде;
  • қызметтік міндеттерге байланысты;
  • медициналық көрсеткіштер бойынша;
  • қолайсыз ауа райынан қорғану үшін;
  • азаматтық қорғаныс мақсатында;
  • спорттық-бұқаралық және мәдени көпшілік іс-шараларға қатысу барысында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар