АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысымен өткен телефон әңгімесінен кейін өз өкінішін жасырмады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
«Шынымды айтсам, мен Путинге үміт артып едім. Бірақ бұл сөйлесуден соң, оның соғысты тоқтатуға мүлде ниеті жоқ екенін аңғардым. Бұл – өте өкінішті жағдай. Ол бейбіт шешім іздеуден алыс сияқты. Енді Зеленскиймен сөйлесуге тура келеді» деді Трамп.