Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді Ленин көшесі жоқ! 30 жыл күткен шешім қабылданды

13:14, 04 шілде 2025 644

Қырғызстанда кеңестік кезеңнен қалған көше атауларын ұлттық болмысқа сай тарихи тұлғалар есімімен алмастыру жұмыстары жүріп жатыр. Елдегі бұл бастама қоғамдық пікірде маңызды бетбұрыс ретінде бағалануда, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ош қаласындағы Лениннің үлкен ескерткіші бой көтерген бас көше бұрыннан ел талқысынан түспейтін еді.  Енді ол Лениннің емес,Қырғыз елінің саяси-әскери тарихында елеулі рөл атқарған тұлға Алымбек датқаның есімімен аталады. Тиісті шешімді қалалық кеңестің депутаттары қолдап, ресми түрде бекітті.

Жергілікті әкімдік көше атауын ауыстыру арқылы тарихи әділеттілікті қалпына келтірумен қатар, ұлттық сана мен рухани мұраны дәріптеуді мақсат етіп отырғандарын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар