Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ порталы.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ерболат Досаев бұл қызметке 2022 жылы тағайындалды.
Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.