Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт дерегі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды

09:18, 15 тамыз 2025 137

Алматы облысы прокуратурасы Қаржаубай Нұрымовтың үйінде болған өртке байланысты басталған тергеудің тоқтатылғанын мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

Аталмыш оқиға өткен жылдың қазанында, Шерзат Полаттың қазасынан кейін бірнеше күн өткен соң орын алған еді. 

“Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсету бойынша процестік әрекеттерді орындауға байланысты) тоқтатылды”, - делінген ресми хабарламада.

4 қазан 2024 жылы Шерзат Полат жаппай төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды. Оқиға елді дүр сілкіндіргені анық. Сол түні және одан кейінгі күндері әлеуметтік желілерде түрлі бейнежазбалар мен болжамдар тарап кетті.

Бұдан небәрі сегіз күн өткен соң, 12 қазанда, Шерзаттың отбасы тұратын Азат ауылындағы үй өртке оранды. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына дер кезінде жеткенімен, баспананы толықтай сақтап қалу мүмкін болмады. Полиция бұл дерек бойынша “Бөтеннің мүлкін қасақана жою” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның қалай өрбігені туралы білу үшін Ресейлік спутникке жүгінгені туралы ақпарат шыққан еді. Спутник жазбаларының келіп-келмегені нақты белгісіз. 

Бұл – Полаттар отбасына қатысты жабылған жалғыз іс емес. 2025 жылғы 17 шілдеде Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімі бойынша да тергеу тоқтатылғаны белгілі болды. Полиция оның қазасын “өз-өзіне қол салу” деп бағалаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар