Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жеті ел Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

15:12, 14 тамыз 2025 98

АҚШ президенті Дональд Трамп тағы да бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды, деп жазады Alash.KZ.

Трамптың кандидатурасын Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Камбоджа премьер-министрі Хун Сен, Габон президенті Брис Оли Нгуема, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Руанда сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирехе қолдады.

Бұған дейін Камбоджа премьер-министрі Хун Манет АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынған болатын. Трампқа Камбоджа–Таиланд жанжалына араша түскені үшін алғыс айтып, әлемде бейбітшілікті орнатуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар