Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кішкентай қыз лифт шахтасына құлап кетті” - Астанадағы оқыс оқиға елді алаңдатты

10:35, 15 тамыз 2025 108

Астанадағы “Арыстан” тұрғын үй кешенінде 13 тамыз күні лифт апаты тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz.

“Мұқан Төлебаев көшесі, 5” мекенжайында орналасқан бұл үйде 9-қабаттан шахтасына қарай төмен құлаған лифт ішінде кішкентай қыз болған. Куәгерлердің айтуынша, бала қатты қорқып, құйымшағынан жарақат алған.

Тұрғындар бұл оқиғаға себеп болған техникалық ақаулардың біраздан бері жалғасып келе жатқанын айтады. Олардың сөзінше, лифтілер жиі бұзылып, қауіпсіздікке қатер төндіреді, бірақ ауыстыру немесе толық жөндеу мәселесі шешілмей отыр.

Оқиғадан кейін қыздың ата-анасы оны дереу №2 көпсалалы балалар ауруханасына жеткізген. Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлық бейінді мамандар баланы амбулаториялық деңгейде тексеріп, ауыр жарақат анықталмағанын хабарлаған. Балаға үй жағдайында ем алу ұсынылған, ал қалған медициналық шаралар тұрғылықты жері бойынша жүргізілмек.

Бұл жағдай тұрғындар арасында қауіпсіздік мәселесіне қатысты алаңдаушылықты күшейтті. Олар жауапты мекемелерден лифттердің техникалық жағдайын дереу тексеріп, апатты оқиғалардың алдын алуды талап етуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар