Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы жолдарындағы жөндеу жұмыстарына көңіл тола ма?

14:35, 14 тамыз 2025 46

Алматы қаласындағы маңызды магистральдардың бірі – Төле би көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары Назарбаев даңғылынан Шығыс айналма автожолына дейінгі аралықты қамтиды.

Аталған нысанда мердігер мекеме – «ПСФ АЛОНС» ЖШС. Жұмыстың сапасын Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының инженерлері бақылауда. Бұл жерде Titan маркалы полимерлі қиыршық тасты мастикалық асфальтбетон қолданылып жатыр. Өнімді «АБЗ Асфальтбетон-1» ЖШС дайындаған.

Сапа бақылау жұмыстары аясында мамандар жолға төселген асфальтбетоннан сынама алып, оны зертханалық тексеруге жіберді.

Инженер Мейіржан Мырзахметтің айтуынша:

«Жол құрылысы кезінде қолданылатын материалдардың сапасын қатаң қадағалаймыз. Асфальтбетон қоспасының үлгілері зертханада тығыздығы, түйіршік құрамының біркелкілігі, беріктігі секілді көрсеткіштер бойынша тексеріледі. Бұл – жолдың ұзақ қызмет етуін қамтамасыз ететін маңызды кезең».

Төле би көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда. Жол сапасы мен төсеу технологиясы толық бақылауда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар