Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Салафизмнің ішіндегі мадхализм ағымына жақындау»: Исламтанушы Рүстем Жүгінісов туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

16:19, 14 тамыз 2025 240

Белгілі исламтанушы Асқар Сабдин өз сұхбатында әнші Рүстем Жүгінісовтың діни ұстанымы туралы пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.

Бұл туралы ол Ербол Сейілханның "Еrbol Seilkhan Youtube" арнасына берген сұхбатында айтты. 

«Салафизмнің ішінде қазіргі таңда мадхализм деген ағым бар. Әлем бойынша өте белсенді ағым болып есептеледі. Бұлардың ең үлкен витринасы — «біз билікті жақсы көреміз. Кез келген билікке қарсы шығуға болмайды» дейді. Әнші Рүстем Жүгінісов салафизмнің ішіндегі мадхализм ағымына жақындау. Себебі жанында “ұстаз” деп жүрген жігіттер сол діни идеологияны таратып жүр. Қазақстанда мадхализм ағымын ұстанатын 20 мың адам бар. Мадхализм салафизмнің ішінде әдемі витринасы бар, бірақ кейбір елдерде қан төгіп жүрген ағым. Мысалы, Ливияда», — деді исламтанушы.

Ескерте кетейік, дәстүрлі исламға жат «сәләфия» ағымы өз кезегінде бірнеше топтарға бөлінген, солардың бірі ретінде «мадхализмді» айтуға болады. Мадхализмнің атауы аталмыш қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі болған Рабиғ ибн әл-Мадхалидің атымен байланыстырылады. Мадхализм – ХХ-ғасырда Сауд Арабиясындағы саяси жағдайлардың шиеленісуіне байланысты, сәләфия өкілдерінің ортақ ұстанымдары болмауы себебімен пайда болған бірнеше қозғалыстардың бірі ретінде қалыптасты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар