Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Асфальтта пышақпен аяусыз соққыға жыққан” - Семейде сұмдық жанжал орын алды (ВИДЕО)

19:17, 15 тамыз 2025 326

Семей қаласының орталығында, орталық полиция бөлімінің ғимаратына небәрі бірнеше метр жерде күндіз жантүршігерлік оқиға орын алды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Дулатов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінің жанында бірнеше ірі денелі ер адам асфальтта жатқан азаматты аяусыз соққыға жыққан.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушылардың бірінің қолында пышақ болып, ол жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасаған. Оқиға орнынан өтіп бара жатқан адамдардың бірі бұл сәтті телефон камерасына түсіріп алып, бейнежазба әлеуметтік желіде тараған. Желі қолданушылары ашу-ызаға булығып, «Полиция ғимаратының дәл жанында қалайша мұндай бассыздыққа жол берілді? Неге ешкім көмекке келмеді?» деген сұрақтар қойды. Дегенмен, куәгерлердің бірі жағдайға араласуға әрекет жасағаны белгілі болды.

Алғашында Абай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді. Кейін ведомство ресми ақпарат таратып, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жәбірленушіге шабуыл жасаған екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Үшінші адамның қайда екені анықталып жатыр.

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжал жеке араздық салдарынан туындаған. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жарияланбайды” - делінген полиция хабарламасында.

Жәбірленушіге дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, жағдайына байланысты емдеу мекемесіне жеткізді. Тергеу жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар