Шымкентте ашуға булыққан бойжеткен такси көлігін талқандады, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Желіде ашулы қыздың такси көлігінің терезелерін сындырып жатқан сәті түсірілген видео тарады.
Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды.
Қыздың не себепті көлікке зиян келтіргені әзірге белгісіз.
Қолданушылардың пікірінше, ол такси бағасына ренжіп қалуы немесе мас күйде болуы мүмкін.
“Бөтен мүлікті қасақана бүлдіру фактісі бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады Шымкент қалалық ПД өкілдері.