Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қып-қызыл өтірік!: Трамп пен Илон Маск қатты ұрсысып қалды

10:35, 06 маусым 2025 296

Дональд Трамп пен Илон Маск ұрысып қалды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның әкімшілігіндегі тиімділік департаментінің тізгіндеген миллиардер Илон Масктің арасында ши шықты.

24.kz мәліметіне сүйенсек, Дау Илон Масктің Мемлекеттік шығындар туралы жаңа заң жобасын сынауынан басталған. 

Осыған шамданған Трамп: «Электромобильдерге арналған мемлекеттік көмек қаржының қысқаруы Масктің шымбайына батты», – деп мәлімдеді.  Бірақ миллиардер Ақ үй басшысының бұл сөзін: «Қып-қызыл өтірік», – деп айыптады. 

Маск әлеуметтік желідегі парақшасында: «Менсіз Трамп сайлауда жеңіліп, демократтар Өкілдер палатасын бақылауына алып, республикалықтар Сенатта 51-ақ орынға ие болар еді. Жақсылықты бағалай алмайды екен!», – деп қынжылған. 

Ол өз партиямды құрамын деп сауалнама жүргізді. Оған қатысқан 2,5 миллионнан астам адамның 80%-і Илон Маскті қолдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар