Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаржаубайдың өзі кінәлі, Абзалдың еш жазығы жоқ, жаза тым ауыр! - АДВОКАТ

19:00, 05 маусым 2025 2520

 Абзал Шынасылдың адвокаты жазамен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды ALASH.Kz. 

Абзал Шынасылдың адвокаты сот үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсіретінін мәлімдеді. Бұл туралы Ertenmedia.kz жазды.

Адвокат Әбеновтың айтуынша, соттың шығарған шешімі әділетсіз және 23 жылдық жаза тым ауыр.

«Бұл шешіммен ешкім келіспейді, халық та барлығын көріп-біліп отыр. Біз айтарымызды сот барысында айттық, ал қалған дәлелдерімізді енді апелляцияда ұсынамыз», – деді ол.

Сонымен қатар адвокат жасөспірімнің өліміне әкесі Қаржаубайдың өзі себепкер болуы мүмкін екенін айтып отыр.

«Пышақты әкесі Қаржаубайдың өзі пайдалануы мүмкін немесе түсіріп алған пышағын басқа біреу көтеріп алуы да ғажап емес. Абзалдың бұл жерде еш жазығы жоқ. Ол алғашқыда шындықты білмегендіктен кінәні мойнына алды, бірақ кейін бәрін ашып айтты. Алайда сот оның сөзіне сенбеді. Біздің елде адамға кінәні мәжбүрлеп мойындату қиын шаруа емес», – деді Әбенов сот залынан шыққан соң журналистерге берген сұхбатында.

Бүгін Талғарда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі аяқталды. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар