Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Заң алдында жауапкершілікке тартылады!: Шерзат ісіндегі прокурорға қатысты тың мәлімет шықты

12:00, 06 маусым 2025 1167

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Дана Сарсенбай өзінің атымен жасалған жалған аккаунт жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сарсенбай әлеуметтік желілерде оның аты-жөні, лауазымы мен фотосуретін заңсыз пайдаланған фейк аккаунттардың таралуына байланысты халыққа үндеу жасады.

Прокурордың айтуынша, ол әлеуметтік желілерде жеке парақша жүргізбейді және ресми процедуралардан тыс ешқандай жария мәлімдеме жасамайды.

Сарсенбай қазақстандықтарды оның атынан таратылған жалған ақпаратқа сенбеуге және мұндай жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

Бақылаушы органдар фейк аккаунт жасау мен пайдаланудың заң алдында жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар