Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жағдайым нашар: Бишімбаев түрмеде сұмдық шағым түсірді

15:19, 05 маусым 2025 1651

Ұлттық экономика бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевтың алимент төлемдерін азайту туралы талабын сот қанағаттандырмады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне адвокат Динара Шамшекова мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Адвокаттың айтуынша, 2020 жылы Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы жұбайы Назым Қахарман арасында үш балаға алимент төлеу жөнінде келісім жасалған.

 Алайда бірнеше ай бұрын Бишімбаев төлем шарттарын, атап айтқанда, алимент мөлшерін азайту туралы талап арыз түсірген.

Ол өз шешімін қаржылық жағдайының нашарлауымен түсіндірген.

«Нормативтік қаулыға сәйкес, бұл расында да шарттарды өзгертуге негіз бола алады, бірақ ол сөзсіз негіз болып саналмайды. Сот процесі барысында біз оның (Бишімбаевтың – ред.) мүлкі бар екенін анықтадық. Сондай-ақ үкім шығарылған сәтте және қылмыстық іс қаралған кезде оның қандай мүлікке ие болғанын анықтадық. Бұл мүлікті ол басқа тұлғаға қайта рәсімдеген», – деді адвокат Tengrinews.kz тілшісіне.

Адвокаттың айтуынша, мүлік сыйға тарту шарты негізінде үшінші тұлғаның атына рәсімделген. Осыдан кейін Бишімбаев өзінің қаржылық жағдайының нашарлағанын алға тартып, алимент мөлшерін бірнеше есе азайтуды сұраған.

Сот біздің уәждерімізді ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартты. Бұл мүлікті басқа тұлғаға рәсімдеу әрекеті – балаларға алимент төлеуден жалтару әрекеті ретінде бағаланды. Ал бұл – оның Конституциялық міндеті. Балалардың мүддесін ескере отырып, сот алименттік келісімді өзгертуге рұқсат берген жоқ», – деді Динара Шамшекова.

Адвокаттың айтуынша, Бишімбаев иелік еткен әрі кейін басқа тұлғаға өткізілген мүлік, үш баланың кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі алимент төлемдерін толық орындауға жеткілікті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар