Белгілі ресейлік журналист, «Вести» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Юрий Ростов АҚШ-та қайтыс болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қаралы хабарды продюсер Михаил Дегтярь хабарлады.
Өлім себебі әзірге жарияланған жоқ.
«Ростовтың қазасы жайлы АҚШ-та тұратын достары хабарлады», — деді Дегтярь.
Юрий Ростов «Вести» бағдарламасына 1991 жылдың мамырында «Бірінші арнаның» ТСН жаңалықтарынан ауысып келді. Ол алғашқы жүргізушілердің бірі болып, Светлана Сорокинамен бірге эфирге шыққан.
1993 жылы АҚШ-қа қоныс аударып, Нью-Йорктегі орыстілді теледидарда жаңалықтар бөлімін басқарды. Көп жылдар бойы өзінің күнделікті «Мир сегодня» атты авторлық бағдарламасын жүргізді.