Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Азаматтық некедегі әйелімен ұрысып қалған”. Алматы әуежайында ер адам өз-өзін өртеді (ВИДЕО)

09:07, 26 тамыз 2025 277

Алматы әуежайының терминалында ер адам өз-өзін өртемек болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«2025 жылдың 25 тамызы күні сағат 22:06-да Алматы қаласы әуежайының Т-1 терминалында ер адам касса маңында өзін-өзі өртемек болды», – делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.

Аталған жағдайға байланысты полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп шұғыл қауіпсіздік шараларын қабылдап, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды. Медициналық қызметкерлер ер адамды қалалық ауруханаға жеткізді. БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, ер адамның мұндай қадамға баруына азаматтық некедегі әйелімен болған жанжал себеп болуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар