Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ұшақ межелі жерге жете алмады” - Астанадан Вьетнамға ұшқан әуе рейсі күтпеген жерден кері оралды

10:51, 25 тамыз 2025 175

Астанадан Вьетнамның Нячанг қаласына бағыт алған VietJet Air әуе компаниясының ұшағы межелі жеріне жете алмай, елордаға қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Астана әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, әуе кемесін кері қайтару туралы шешімді экипаж командирі қабылдаған. Бұл қадам жолаушылардың және экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық авиациялық тәртіп талаптарын сақтау мақсатында жасалған.

“Ұшақ жерге штаттық режимде қонды. Астана әуежайында әуе кемесін қабылдау үшін барлық қажетті жағдайлар алдын ала жасалды”, – делінген ресми мәлімдемеде.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда әуе компаниясы жолаушыларға қолайлы жағдай жасау және әрі қарайғы ұшу кестесін қайта қарастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар