Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Зеленский - заңды мойындалмаған президент” - Ресей министрі күтпеген мәлімдеме жасады

13:17, 25 тамыз 2025 603

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров америкалық NBC телеарнасына берген сұхбатында Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәртебесіне қатысты даулы мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.

Оның айтуынша, Украина Конституциясына сәйкес Зеленский “легитимді емес президент(заңды/ресми мойындалмаған)” болып саналады. Алайда Лавров Ресейдің оны де-факто “режим басшысы” ретінде мойындайтынын және қажет болған жағдайда келіссөздер өткізуге дайын екенін атап өтті.

Министрдің сөзінше, Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуі Аляскада талқыланбаған, бұл мәселе кейінірек көтерілген. Сонымен қатар, Ресейдің Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі кез келген келіссөздерге міндетті түрде қатысатынына тоқталды.

Лавров Украина мемлекеттілігі жөнінде де пікір білдірді. Оның айтуынша, “Украина өмір сүру құқығына ие, бірақ референдум арқылы өз тағдырын айқындаған халықты босатуы керек. Киев режимі бұл адамдарды жоюға тырысып отыр” деді ол.

Сұхбат барысында Ресейдің соғыс қимылдарына қатысты ұстанымы да жарияланды:

  • Ресей ешқашан әскери нысандарға қатысы жоқ мақсаттарды әдейі соққыға алған емес;
  • Барлау деректеріне сәйкес тек әскери зауыттар, әскери объектілер және Украина армиясына қару-жарақ өндіруге тікелей қатысы бар кәсіпорындар ғана нысанаға алынады;
  • Лавров Батыс ақпарат құралдарын сынға алып, олардың Украина Қарулы күштерінің Курск облысына жасаған шабуылына мән бермегенін атап өтті. Министрдің айтуынша, ол жерде әскери нысандар болмаған, тек бейбіт объектілерге соққы жасалған;
  • “Егер қандай да бір кәсіпорында америкалық немесе басқа ел капиталы болса да, ол жерде орыс әскерін өлтіруге арналған қару жасалып жатса, мұндай нысанға иммунитет берілмейді. Бұл – әділетті ұстаным. Ал мұндай әрекеттерді ақтау – империалистік көзқарастың көрінісі”, – деді Лавров.

Сонымен бірге, Ресей мен Украина делегацияларының Стамбулда кездесулері жалғасатыны белгілі болды. Бұл жиындарда нақты әскери және гуманитарлық мәселелер талқыланбақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар