Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қиналдым. Тәкаппар мінезімді орнына қойды”. Айгүл Иманбаева бар шындығын айтты

18:39, 26 тамыз 2025 826

Америкаға қоныс аударған әнші, актриса Айгүл Иманбаева кәсіпкер Дулат Тастекейге сұхбат беріп, қазіргі өмірі жайлы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Қазір Америкада тұрып жатырмын. Өмірім өзгергені рас. Таңғы 5-те тұрамын. Сізге айтайын, 25 жылдан кейін асүйге кіріп, тамақ жасаймын. Тұрмысқа шыққаннан кейін, асүйге бет бұра бастадым. Алматыда тұрғанда тамақ істеуге уақытым болмайтын. Жалғыз тұрдым. Сырттан іше саламын. Үйде сіңлілерім болғанда солар жасап қояды. Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуіме таңғы ас дайындадым. Түрлі тамақтар мен дәмдеуіштердің атын жаттап жүрмін. Ең қызығы, уақытылы тамақ ішкесін салмақ тастадым. Кешкі 8-ден кейін ешкім асүйге кірмейді. Талабым сондай”, – деді Айгүл Иманбаева.

Сұхбат барысында өнер иесі Лондондағы студенттік өмірі жайлы айтып, басынан өткен қиын сәттерді есіне алды.

“Лондон мені сындырып, тәкаппар мінезімді орнына қойды. Шәкіртақым 900 мың теңге болды. Соны ай сайын жеткізуге тырысамын. Ол жақта елдегідей той-томалақ, концерт, кештер жоқ. Тек оқып, білім алу керек болды. Лондонға барып, өмірімде бірінші рет көше тамақтарын жедім. Алматыда жүргенде мүлдем жемейтін едім. Автобус, метромен жүрдім. Бір жыл қиналдым. Қазақстанда жеке мектебім бар. Солардың атқарушы директорларына шығып, ақша сұраған кезімді де жасырмаймын”, – деді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар