Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Этно стильдегі ерекше той” - Тұрсын мен Баян Алагөзовтер қыздарының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді

09:23, 25 тамыз 2025 770

Тамыздың 23-і ірі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов пен танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы қос қызының тұсауын кесіп, дүбірлі той берді, деп хабарлайды, Alash.kz.

Алғашқы фуршеттен, тұсау кесу рәсіміне дейін тыңғылықты дайындықтан өткен тойдың форматы басқалардан өзгеше болды. Қыздардың өздерін таныстыруы мен видео жолдауы қонақтарды қуантса, кіре берістегі тілек жазатын мәуелі алма ағашы мен 6 метрлік баннер елдің назарынан тыс қалмады.

Бренд тауарлардан сыйлық жауған тойдың мерекелік торты да қымбатқа түскен.

Алагөзовтердің қуанышына ортақтасуға түкпір-түкпірден жұлдызды қонақтар жиылды. Алисаның тұсауын Айсәуле Бақытбек кессе, Алманың рәсімін Аша Матай орындады. Қыздардың өмірге келуіне сеп болған Отандық маман, репродуктолог Салтанат Байқошқарова да той төрінен орын алды. 
Той иелері этно стильде өткен тамаша той туралы қуана хабарлады.

“Бүгін қасиетті дәстүріміз жалғасын тапты. Алиса мен Алма қыздарымыздың тұсауын кестік” - деп жазды Баян Мақсатқызы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар