Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот өтіп жатыр, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Tengrinews.kz хабарлауынша, айыпталушының жұбайы Зульфия журналистердің сот залынан шығарылуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, олар ашық процесті талап еткен.
"Маған түсініксіз бірінші нәрсе: судья отырыс басталар алдында журналистерден камераларымен бірге шығуын сұрады. Олар сот залынан шығып кетті. Біз керісінше сот ашық болғанын, баспасөз қатысқанын, жұрт не болып жатқанын білгенін қаладық. Біз бұған таңғалдық. ...Күйеуімнің еш кінәсі жоқ. Ақтау үкімін күтемін", - деді ол.