Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Алматыда былтыр жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

17:52, 25 мамыр 2025 741

Алматыда былтырғы жазда жоғалып кеткен егде жастағы ер адам өлі табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

LIDER.KZ іздеу тобының еріктілерінің хабарлауынша, 82 жастағы Қарипбаев Рыскәлі Қарипбайұлы өлі күйінде табылды. 

Ер адам 2024 жылдың 31 шілдесінде жоғалып кеткен. Туыстарының айтуынша, ол сағат 10:00 мен 12:00 аралығында Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Бабаев көшесі, 18-үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жоғалған адам орта бойлы, бойы шамамен 160–165 сантиметр, қысқа ақ шашты, қоңыр көзді болған. 

Қайтыс болу жағдайы мен нақты себебі анықталуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар